Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Ауа райы: аптап ыстық пен шаңды дауыл болады

Республика бойынша кей жерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Ауа райы: аптап ыстық пен шаңды дауыл болады
фото: ашық дереккөз

29 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды деп хабарлайды Paryz.kz

Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай мен өткінші жаңбыр болады, бұршақ күтіледі.

Республика бойынша кей жерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ күтіледі.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ күтіледі. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.