Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Олимпиада-2020: Зүлфия Чиншанло қола медальға ие болды

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді. 

Олимпиада-2020: Зүлфия Чиншанло қола медальға ие болды
фото: ҰОК

Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйеллдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды деп хабалайды Paryz.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді. 

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді. 

Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды. 

Еске сала кетсек, Олимпиада ойындарында бұған дейін қазақстандық спортшылар - дзюдодан Елдос Сметов, зілтемірші Игорь Сон, енді, міне, тағы бір зілтемірші Зүлфия Чиншанло қоладан алқа тақты. Осымен Қазақстан қоржынына үшінші қола түсті.