Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбеде мектеп мұғалімдері түгел вакцина салдырды

Облыс бойынша 18 мыңнан астам педагог қазір жаңа оқу жылына дайын.

Ақтөбеде мектеп мұғалімдері түгел вакцина салдырды

Ақтөбеде медициналық қарсы көрсеткіші жоқ мектеп мұғалімдерінің бәрі вакцина салдырды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша 460 мың адам вакцина алуы керек. Қазіргі кезде 211 мыңнан астамы бірінші, ал 118 мыңнан астамы екі компонентті де қабылдады.

Соның ішінде құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері түгел вакцина салдырды. Тек медициналық тұрғыда кері көрсеткіші бар адамдар уақытша имммундау жұмысынан шеттетілді.

«Облыстағы мектеп мұғалімдері вакцинациялау жұмысы кезінде белсенділік танытты. Олар өздеріне артылған жауапкершілікті жақсы сезінеді. Әрі осы арқылы мектепке қайта оралып, дәстүрлі түрде білім алуға мүмкіндік бар»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Ақтөбе облысы бойынша 18 мыңнан астам педагог қазір жаңа оқу жылына дайын. Сонымен қатар 10 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Әлі де құжат қабыдау рәсімі өтіп жатыр.

«Біз үшін баланың қауіпсіздігі маңызды. Мектепке барып, ондағы жағдайды білдім. Мұнда арнайы QR код арқылы мәртебені анықтап, білуге болады. Коронавирус инфекциясына қатысты ақпаратты да үлкен экран арқылы біле аламыз»,- дейді ақтөбелік тұрғын Айсұлу Убайтжанова.

Ақтөбе облысы бойынша барлық емхана мен ірі сауда орындарында вакцинация пункті бар. Олар кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өңірде иммундау шарасы жалғасып жатыр.

«Ақтөбе облысы бойынша біз 460 мың адамды қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 18 мыңнан астамы педагог. Қазіргі кезде мүғалімдер түгел вакцина салдырды. Қазір мектепке дейінгі мекемелер мен орта арнаулы, жоғары оқу орындары қамтылып жатыр»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.