Қазақстандық танымал теннисші отау құрды

Айта кетсек, Кукушкин Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысады. 

Қазақстандық танымал теннисші отау құрды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал теннисші Михаил Кукушкин үйленді, деп хабарлайды Paryz.kz

Спортшы мен қалыңдығы теңіз жағасында бір-біріне неке жүзігін тақты. 

Жас жұбайлар қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. Кукушкиннің жары Анастасия өзінің аккаунтында видео жариялады. 

Жаңа отау құрған жұпты Қазақстанyның Теннис федерациясы құттықтады.

Айта кетсек, Кукушкин Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысады.