Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Мұқтаж елдерге төл вакцинамызды ұсынуға дайынбыз - Тоқаев

Пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.  

Мұқтаж елдерге төл вакцинамызды ұсынуға дайынбыз - Тоқаев
фото: ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесті деп хабарлайды Paryz.kz, Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.  

Кездесуде Тоқаев отандық вакцинаны мұқтаж елдерге ұсынуға дайын екендігі туралы айтты.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз, – деді Президент.