Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек беруге дайын

Ол биыл бірқатар халықаралық оқу-жаттығу жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек беруге дайын
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастығы департаментінің бастығы Олжас Құсайынов айтты деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Тәжікстанға бірнеше рет әскери-техникалық көмек көрсеткен болатын. Биылғы сәуірде ҚР мен Тәжікстан Үкіметі арасында өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету бойынша келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта оның күшіне енуі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әскери көмек көрсету туралы шешім қабылдау Парламент құзыретіне жатады. Осыған байланысты тиісті шешім қабылданған жағдайда көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Құсайынов.

Ол биыл бірқатар халықаралық оқу-жаттығу жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Биыл ҰҚКҰ аясында Тәжікстанда 3 оқу-жаттығу өтеді. Үш жаттығу да Тәжікстанның «Харкмайдон» полигонында тамыз айында жүзеге асырылады. Қазан айында Ресейде, қыркүйекте Қырғызстанда, ТМД аясында қыркүйекте Ресей мен Қазақстан алаңдарында оқу-жаттығулар жоспарланып отыр, - деді Олжас Құсайынов.