Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде вакцинация төлқұжаты өзгерді

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны қолданушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

Елімізде вакцинация төлқұжаты өзгерді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда вакцинацияның электронды паспорттарына өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Paryz.kz.

СOVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына тиісті өзгерістер енгізілген.

Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеген кезде пациентті вакцинациялау туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады, - делінген ВАК хабарламасында.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны қолданушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

EGov mobile мобильдік қосымшасының цифрлық құжаттар сервисінде орналастырылған вакцинациялаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкерінің медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен қағазға басып шығарған анықтамасын ұсынуға болады, - делінген хабарламада.