Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ауа райы құбылып тұр: аптап ыстық, найзағай, бұршақ болады

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Ауа райы құбылып тұр: аптап ыстық, найзағай, бұршақ болады
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 2 шілде күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ыстық және құрғақ ауа райы күтілетінін айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Тек еліміздің батыс бөлігіне циклон жырасымен байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысында бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, желдің күші - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты аптап ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.