Коронавирус: Шымкент "қызыл" аймаққа өтті

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 436 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Коронавирус: Шымкент "қызыл" аймаққа өтті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz

1 шілдедегі жағдай бойынша Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа ауысты. Ал Павлодар облысы "сары" аймаққа кірді.

1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
  • "сары" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
  • "жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 436 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.