Тик-Ток үшін қазақстандықтардың да осындай бассыздыққа барып отырғаны көпшіліктің ашу-ызасын тудырған.
“Тик Ток” үшін нанды аяғымен мыжып, таптаған жігіт елдің ашуына тиді деп хабарлайды Paryz.kz
Инстаграм әлеуметтік желісіндегі “qazaqstanda” парақшасында жарияланған видео қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік видео аталған парақшада жарияланғандықтан Қазақстанда түсірілген деген болжам жасап отыр. Тик-Ток үшін қазақстандықтардың да осындай бассыздыққа барып отырғаны көпшіліктің ашу-ызасын тудырған.
“Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын… Кешегі атамыз осы нанға зар болып аштан қырылды емес пе? Мынау ұят енді. Алла сақтасын, нанды аяқпен басу ол қандай тоқшылық. Алла кешірсін“ деп жазып жатыр оқырмандар.
,Сондай-ақ “Малғұн”,”нанның киесі ұратынын білмей ма сонда?”,”мынаны ұстап алып қамап қою керек қой”,”мәссаған, оңбаған, аяғың сынса ғой”, ”біреулер осы нанға зар ғой”,”тик-ток үшін бәрін жасайтындар”,”Құдайдан безгендер” деген секілді пікірлер де қаптап жүр.