Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Білім және ғылым министрлігі ашық құқықтық нормативтер порталында 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының каникулының шарттары көрсетілген бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын”, – делінген құжатта.
- 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда:
1-сыныптарда:
қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
Еске салсақ, өткен оқу жылында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылады.