Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде арабтарға жойылу қаупі бар құстарды аулауға рұқсат етіледі

Біріккен Араб әмірліктері және Катар әмірімен жасалған келісімге сай, олар әр құс үшін 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлейді.

Елімізде арабтарға жойылу қаупі бар құстарды аулауға рұқсат етіледі
фото: ашық дереккөз

Елімізде арабтарға жек дуадақтарды аулауға рұқсат етіледі. Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар жүйесі комитеті арнайы қаулы жобасын әзірлеген, деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Оған сай 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында 300-ге жуық жойылу қаупі бар дуадақты аулауға рұқсат берілген. Біріккен Араб әмірліктері және Катар әмірімен жасалған келісімге сай, олар әр құс үшін 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлейді.

Мемлекеттер ерекше қорғалатын аумақтарға қызмет көрсету үшін елімізге 2 млрд доллар көлемінде инвестиция құйыпты. 2008 жылдан бері арабтарға жек дуадаққа сұңқар салуға рұқсат берілді. Түскен қаражатқа 4 қорық аймағы құрылған.

"Түркістан облысындағы Шаян ауданында питомник салынған. Қазіргі таңда жылына 5 мың бас жек дуадақты бағуға мүмкіндігі бар. Басқа да питомниктердің осы жек дуадақтың көші-қон ареалындағы құстарды бізге әкеліп, Қазақстанға да жібереді. Біздің питомникте жылына 5000 бас шығарылып отырса, бұл кісілердің алатыны 300-ге жуық", - дейді Экология министрлігі басқармасының бас сарапшысы Асқар Абдрахманов.