Еске сала кетсек, былтыр осы кезеңде елден 7 мыңнан астам адам жат жұртқа кеткен.
Биылғы үш айда елден 5500 адам кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, шекара асқандардың 4400-ден астамы Ресейді таңдаған. Тағы 700-ден астам адам Германияны, ал қалғандары Израиль, Польша, Өзбекстан сияқты мемлекеттерді бетке алған.
Қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстанға 2 мыңнан астам адам келген. Ресейден 850, Өзбекстаннан 518, Қырғызстаннан 125 жолаушы шекарадан бері өткен. Қалғандары Әзербайжан, Түркия және Қытайдан келген.
Еске сала кетсек, былтыр осы кезеңде елден 7 мыңнан астам адам жат жұртқа кеткен.