Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" ЖАҚ Директорлар кеңесі құрамына кірді

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болды. Осы  қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.

Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" ЖАҚ Директорлар кеңесі құрамына кірді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" ЖАҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді деп хабарлайды Paryz.kz

Наурыз айында ресейлік компанияның акционерлері сайлауға екі үміткерді ұсынған болатын. Оның бірі "КамАЗ" қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырко, ал екіншісі 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов.

4 маусымдағы  жылдың қорытындысы бойынша  жалпы жиналыста Иманғали Нұрғалиұлы мүшелікке өтті. 

"КАМАЗ" ЖАҚ – дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіретін ресейлік компания. Сондай-ақ олар  автобус, трактор, комбайн, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен олардың компоненттерін шығарады. Негізгі өндіріс ошағы Набережные Челны қаласында орналасқан.

Иманғали Тасмағамбетов елімізде ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігін де басқарды.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болды. Осы  қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.