Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Солтүстік Македония қазақстандық футболшыларды елге кіргізбей қойды

Яғни жолдастық кездесу өткен жағдайда да ұлттық құрама ойынына кесірін тигізуі мүмкін болғандықтан, Қазақстан Футбол федерациясының басшылығы мәселенің қалай шешілетіні әзірге белгісіз дейді. 

Солтүстік Македония қазақстандық футболшыларды елге кіргізбей қойды
фото: ашық дереккөз

Футболдан Солтүстік Македония және Қазақстан арасында 4 маусымға жоспарланған жолдастық кездесу өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы делегациямен сол елге ұшып барған журналист Амангелді Сейітхан телефон арқылы хабарлаған.

Сөйтсек, құжат тексеретін аймақта қазақстандық футболшыларды «Шенген визасын рәсімдемеген» деген желеумен елге кіргізбей қойыпты. Олар қазір Скопье қаласының әуежайында бірнеше сағат бойы күтіп отыр. Аяқдопшылардың демалысы мен дайындығына жұмсалу керек уақыт текке кетіп жатыр. Яғни жолдастық кездесу өткен жағдайда да ұлттық құрама ойынына кесірін тигізуі мүмкін болғандықтан, Қазақстан Футбол федерациясының басшылығы мәселенің қалай шешілетіні әзірге белгісіз дейді. 

"Міне, бірнеше сағаттан бері біздің футболшылардың басым көпшілігі, тіпі бапкерлер тобы сол әуежайда уақыт өткізуде. Мәселенің қалай шешілері белгісіз. Мамамдар барынша ықпал етуге тырысуда. Алайда біздің тараптан УЕФА-ға ресми түрде құлағдар етілді. Яғни ертең Қазақстан матчқа шықпауы әбден мүмкін", - дейді Амангелді Сейітхан..