02.06.2021, 14:34

Қарағанды әкімінің екі орынбасарына сөгіс жарияланды

фото: видеодан скриншот

Айта кетейік, 1 маусымда Қарағандыда ата-аналар орталық саябақтағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған еді. 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың орталық саябағында карантин нормалары өрескел бұзылғаны үшін бірқатар шенеунікті жазалауды тапсырды деп хабарлады Paryz.kz, әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Саябақ басшылығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің тәртіп үшін жауапты тұлғалары бұл күні азаматтардың бос уақытын қауіпсіз және санитарлық нормаларға сай өтуін қамтамасыз етпеген. Нәтижесінде 1 маусымда саябақта адамдардың шамадан тыс көп шоғырлануы орын алды. Бұл жағдайдың болуына жол берген жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары - Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ, Мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.

Ал саябақ басшысы Мәдина Әшірова қызметінен босатылады.

Айта кетейік, 1 маусымда Қарағандыда ата-аналар орталық саябақтағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған еді.