Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында ер адам полицейді тепкіледі (ВИДЕО)

Ресми мәлімет бойынша, Еңбекші қазақ аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен арыз түскен. Дәрігерлер Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны балағат сөз айтып, терезені сындырғанын жеткізген. Учаскелік инспектор бірден сол жерге барған.  

Алматы облысында ер адам полицейді тепкіледі (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында болған төбелестің видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Онда ауруханаға барған ер адамның жанжал шығарып, артынан оқиға орнына келген учаскелік инспекторды ұрып жіберген деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақ жейде киген ер адамның тәртіп сақшысының ар-намысына тиетін сөз айтып жүргенін көруге болады. Сонымен қатар кадрдан полицейдің оны итеріп жібергенін байқау қиын емес. Осы кезде ер адам құқық қорғау саласының қызметкерін бір тебеді. Сосын формасыз төбелеске шығуға шақырады. Далада жиналған адамдар екеуін ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға берілген ер азамат көпшіліктің арасынан сытылып шығып, инспекторды тағы тебеді, сосын бетінен екі рет ұрады.

Алматы облыстық Полиция депаратменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ресми мәлімет бойынша, Еңбекші қазақ аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен арыз түскен. Дәрігерлер Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны балағат сөз айтып, терезені сындырғанын жеткізген. Учаскелік инспектор бірден сол жерге барған.  

"Полиция қызметкері ер адамды сабырға шақырды. Бірақ ол тыңдаған жоқ, полицейді еш себепсіз беттен ұрған. Ал аулаға шыққаннан кейін тағы бірнеше рет соққы жасаған. Сосын оқиға орнынан қашып кеткен", - дейді полицейлер. 

Қазіргі уақытта төбелес шығарған ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық, билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi күзету мiндетін атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, 380-баптың 1-тармағы (Билік өкiлiне қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні іздестіру шаралары басталды.