Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша ісі сотқа жолданды

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды.

Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша ісі сотқа жолданды

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті, деп мәлімдеді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Paryz.kz.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды.

Кейін, алған жарақаттардан екеуі қайтыс болды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды.

28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.