Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жезқазғанда кассадан 29 миллион теңге жымқырған қызметкер ұсталды

Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ақшаны өз қажетіне толық жұмсап жібергенін айтқан.

Жезқазғанда кассадан 29 миллион теңге жымқырған қызметкер ұсталды
фото: tengrinews.kz

Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 ақпанда Жезқазған қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінен 25 жастағы қызметкер ақша ұрлады деген хабарлама түскен. Келтірілген шығын - 29 миллион теңге. Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адамның жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады.

Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ақшаны өз қажетіне толық жұмсап жібергенін айтқан. Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлімі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген банктің екі қызметкері ұсталған болатын.