Белгілі банкир Григорий Марченконың ұлы қайтыс болды

"Бізге онсыз да қиын, отбасымызды жайына қалдырыңыз", - деп жауап берген ол.

Белгілі банкир Григорий Марченконың ұлы қайтыс болды
фото: kursiv.kz

Қазақстан ұлттық банкінің экс-басшысы Григорий Марченконың ұлы Ярослав 24 жасында қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Ал BaigeNews.kz тілшісі Григорий Марченкоға хабарласып, ақпаратты растаған.

"Бізге онсыз да қиын, отбасымызды жайына қалдырыңыз", - деп жауап берген ол.

Григорий Марченко 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматыда туған. Банкир, қаржыгер, Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы басшысы.

1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан.

2020 жылдың қазанында Марченконың Еуразиялық даму банкі басшысының кеңесшісі болып тағайындалғаны хабарланды.