Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлиханов қайтыс болды

Бұл туралы бүгін Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлиханов қайтыс болды
фото: tengrinews.kz

Елтаңбаның авторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шот-Аман Уәлиханов өмірден озды. Бұл туралы бүгін Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын" деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Сәулетші елордадағы Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындылардың авторы.

Сол сияқты, Алматыдағы «Динамо» стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды нысандардың жобасын жасады.