Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтанда көшелерге қайраткерлер мен елді мекендердің аты беріледі

Елордада Тарас Шевченконың екі көшесі бар. Оның біріншісі - Медеу көшесіне дейін Катонқарағай деп аталатын болды...

Нұр-Сұлтанда көшелерге қайраткерлер мен елді мекендердің аты беріледі
фото: ашық дереккөз

Елордада бірқатар жаңа көшелерге белгілі қайраткерлердің есімдері беріледі, деп хабарлады paryz.kz, қаланың ономастикалық комиссиясына сілтеме жасап.

Сонымен, Алматы ауданында жобалық көшелерге Роза Бағланова, Хиуаз Доспанова, Салық Зиманов, Аманжол Бөлекбаев, Байкен Әшімова, Жұбан Молдағалиев есімі берілмек. Сондай-ақ, Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған көше пайда болады.

Ал Байқоңыр ауданындағы кейбір көшелерге Ырғайлы, Ақжарлы, Шоқпартас, Шиелі, Шеңгелді, Қарғалы және басқа елді мекендер атауы беріледі.

Сонымен қатар, Есіл ауданындағы Ильинка тұрғын алабы мен Үркер шағын ауданын біріктіру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты. Жаңа тұрғын үй алабы «Үркер» деп аталады.

Сарыарқа ауданында Пионерская көшесі - Талшын, Мостопоезд 463 - Жартас көшесі болып өзгертіледі.

Елордада Тарас Шевченконың екі көшесі бар. Оның біріншісі - Медеу көшесіне дейін Катонқарағай деп аталатын болды. Сонымен қатар, Алматы көшесі мен С409 Проектная көшесі біріктіріліп, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың құрметіне аталады.