Әскери қуаттылығы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 62-орында тұр

Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, елімізде 167 мың әскери қызметші жұмыс істейді десек, бұл - жалпы халықтың 0,9%-ы.

Әскери қуаттылығы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 62-орында тұр
фото: mod.gov.kz

Әскери қуаттылығы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 140 елдің ішінде 62-орынды иеленді, деп хабарлады paryz.kz, finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің индексі - 1,0286. Ең жақсы рейтингтік балл - 0,0000. Индекс мәні неғұрлым төмен болса, елдің әскери әлеуеті соғұрлым күштірек саналады.

Рейтингтің басында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония тұр. Сонымен қатар Түркіменстан, Қырғызстан елдері рейтингте Қазақстаннан кейін орналасқан. Ал рейтингтің соңында Бутан, Косово және Либерия тұр.

Индексті анықтау үшін әскери күш пен қаржыдан бастап, материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен географияға дейінгі 50-ден астам жеке фактор бағаланған.

Материалдық-техникалық мүмкіндіктері бойынша Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 бронтехника, 124 сауда флоттары, 5 порт және сауда терминалдары, 96 әуежай бар. Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, елімізде 167 мың әскери қызметші жұмыс істейді десек, бұл - жалпы халықтың 0,9%-ы.