Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген қыздың күдіктімен жолыққан ВИДЕОсы тарады

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты..." - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген қыздың күдіктімен жолыққан ВИДЕОсы тарады

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Аяжан Еділованың өзін азаптап өлтірген ер адаммен бірге лифтіге кіріп бара жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

Кездесу Алматы қаласының Алатау ауданындағы Нұркент 5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған. Полиция қызметкерлері марқұм ғаламтор арқылы танысқан жігітпен 3 күн бойы хат алмасып, кейін кездесуге барғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің мәйіті табылғанын хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған. Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс жәшіктеріне жасырылғанын хабарлады. Тіпті, ол асқан қатыгездікпен құрбанының тістерін сындырып, тырнағын жұлып, басын суға қайнатып, білгенін істеген. Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Қазір ол ауруханада жатыр.

Кейінірек марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы - небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.