Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Атыраулық спортшылар рэкет болып, базар сатушыларын бопсалаған

Олар трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болыпты...

Атыраулық спортшылар рэкет болып, базар сатушыларын бопсалаған
фото: дереккөз

Атырауда жекпе-жектің чемпионына қатысты сот үкімі шықты. Спортшымен бірге екі досы да айыпталған. Спортшылар облыс орталығының базарында рэкет болыпты, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оларды өткен жылдың маусым айында Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері ұстаған. Тергеу анықтағандай, 5 адамнан тұратын қылмыскерлер атыс қаруын пайдаланып, "Дина" және "Көктем" базарларындағы сатушыларды "өлтіремін", "өртеп жіберемін" деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Бұған дейін ҰҚК хабарлағандай, олар трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болыпты. Ұсталғаннан кейін олардан 3 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Күдіктілер тергеу изоляторларына қамалды, ал екеуінен қорғауға құқығы бар куәгерлер ретінде жауап алынды.

Қазір қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Сотталушылар арасында жекпе-жектен 33 жастағы чемпион да бар. Олар ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау"), 262-бабы ("Ұйымдасқан қылмыстық топ құру") және 287-бабы ("Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру") бойынша айыпталуда.

Сотта 5 жәбірленуші мен 15 куәгерден жауап алынды. Олардың көпшілігі - сатушылар.