Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды paryz.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соққан желлдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең 26-27 наурызда кей жерлерде тұман, күндіз найзағай ойнайды. 26-27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде мол мөлшерде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде мол мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.  

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады. Күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғып, таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерінде 15-20 м/с болады.