Петропавл тұрғыны Ленин ескерткішін 9 миллион теңгеге сатып жатыр

Иесі оны түсті металдың сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататындығын ғана ескертіп, мұндай құнды экспонатты қайдан алғанын айтудан бас тартқан.

Петропавл тұрғыны Ленин ескерткішін 9 миллион теңгеге сатып жатыр
фото: дереккөз

OLX сайтында биіктігі 3,5 метр қоладан соғылған Владимир Ленин ескерткішінің сатылатыны туралы хабарлама пайда болды paryz.kz, holanews.kz-ке сілтеме жасап.

Ескерткіштің салмағы – 1 400 келі. Иесі оны түсті металдың сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататындығын ғана ескертіп, мұндай құнды экспонатты қайдан алғанын айтудан бас тартқан.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 деп көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл соманың рубльмен есептелетіні айтылған. Ұлттық валютаға аударған кезде бұл - шамамен 9 миллион теңге.

Ленин ескерткішінің төменгі жағында "КСРО көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты" деген жазу бар. Егер ол шынымен қоладан жасалған болса, онда оның түсті сынықтар нарығындағы құны 1400 келі салмақпен шамамен 2 миллион теңгені құрайды. Тағы бір айта кетерлігі, ескерткішке қатысты мұндай манипуляциялардың заңдылығы біршама күмән тудырады.