Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бүгін Нұр-Сұлтанда боран соңы қар аралас жаңбырға ұласады

"Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0-2 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Бүгін Нұр-Сұлтанда боран соңы қар аралас жаңбырға ұласады
фото: ашық дереккөз

Бүгін, 23 наурызда елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, деп хабарлады paryz.kz, "Қазгидромет" РМК-не сілтеме жасап.

"23 наурызда елордада көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0-2 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Ал ертең көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанған. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы түнде -8-10 градус нөлден төмен, күндіз 0 градус болады екен.