Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақ ғалымдары радиацияға қарсы әлемдегі алғашқы препаратты ойлап тауыпты

Тәжірибелер зертханадағы егеуқұйрықтарға жүргізілді. Бұл кеміргіштердің кезінде Чернобыль немесе Фукусима атом стансаларында болған апаттар кезінде тірі қалғаны айтылады...

Қазақ ғалымдары радиацияға қарсы әлемдегі алғашқы препаратты ойлап тауыпты
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық дәрігер ғалымдар әдетте қан тоқтату үшін қолданылатын "аминкапрон қышқылы" препаратының адам ағзасын радиациядан тиімді қорғай алатынын анықтады, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тәжірибелер зертханадағы егеуқұйрықтарға жүргізілді. Бұл кеміргіштердің кезінде Чернобыль немесе Фукусима атом стансаларында болған апаттар кезінде тірі қалғаны айтылады. Оларға әуелі адамзатқа жарты ғасыр уақыт таныс болған аминкапрон қышқылы енгізіліп, одан кейін екі рет иондаушы радиациямен сәулелендірілген. Егеуқұйрықтар қырылмақ түгіл, радиацияның қандай да бір әсерін сезінбепті де.

"Біз оларға препаратты ұнтақ түрінде бердік. Сондай-ақ ол дәрі түрінде де болады. Бұл ретте биосіңімділігі өте жоғары. Егуді қажет етпейді. Оған қоса, асқазан-ішек жолдарының ішкі тіндерін қорғайды. Ал радиацияның ең танымал әрі қауіпті әсері – аш ішек қызметінің бұзылуы", - деп баяндады Б. Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ҒЗИ-ның директоры Тимур Салиев.

Тәжірибе кезінде аминкапронқышқылының қосымша пайдалы қасиеттері ашылғаны хабарланып отыр. Осылайша, оның еркін радикалдарды бұзып, жастық шақты ұзарту қасиеті бар. Сондай-ақ одан жасалған препарат альцмейгер ауруының алдын алуға көмектесе алады. Бірақ әзірге ғалымдар оның радиациядан қорғау қасиетіне ерекше назар аударып отыр.

Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық ғалымдар препаратқа патент алып үлгерген. Енді оны алдын алу шаралары ретінде АЭС қызметкерлері немесе сәулеленуге тап болған адамдар қолдана алады.