Айта кетсек, Иманбектің әкесі Марат Зейкенұлы Сүлейменов - Павлодар облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға прапорщигі.
Наурыз мейрамын тойлау құрметіне Ақсу гарнизонының басшылығы ардагерлер кеңесі және ТЖД жеке құрамы атынан азаматтық қорғау ардагері Марат Сүлейменовті мерекемен және ұлының жеңісімен құттықтады, деп хабарлады paryz.kz, Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған 1-дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалін табыс етті. Айта кетсек, Иманбектің әкесі Марат Зейкенұлы Сүлейменов - Павлодар облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға прапорщигі. Ол бөлімде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында жүргізуші және №11 өрт сөндіру бекетінің аға жүргізушісі қызметін атқарды.