Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Енді жедел жәрдем дәрігерлері видеожетон тағады

Енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен жүреді. Болашақта видеожетонды емханадағы дәрігерлер мен медбикелер де пайдаланады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Енді жедел жәрдем дәрігерлері видеожетон тағады
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі ақхалаттылардың қауіпсіздігі үшін медицина қызметкерлерін видеожетон тағып жүруге міндеттемек.

«Біз осы нормаға былтыр бастамашы болған едік. Ал енді биыл тиісті бұйрықтарға енгіздік. Пилоттық режимде Алматы мен Астанада облыстық жедел жәрдем станцияларындағы медициналық қызметкерлердің видеожетон тағуы мәселесін пысықтадық. Бұл медициналық қызметкерлерді де, кейбір бұзақыларды тәртіпке үйретеді», - дейді Әлназарова Үкіметте өткен брифингте. 

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде видеожетонмен жедел жәрдем қызметкерлері қамтылса, екінші кезеңде емханалардағы дәрігерлер мен медбикелерге де видеожетон беру мәселесі қарастырылып жатыр.

«Менің ойымша, мұны іске асыру үшін бізге үш ай уақыт керек. Ал жетондарды сатып алу жұмысы медициналық ұйымдар мен әкімдіктер тарапынан жүзеге асады», - деді ол.