Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Министр оқ атылған Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқ жарақатын алған Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Министр оқ атылған Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты
Фото: primeminister.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке үш рет оқ атылған болатын. Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі кезде Берденов өздігімен жүре алады.

"Қазіргі кезде пациенттің жағдай тұрақты. Өздігімен жүре алады. Дегенмен әзірше дәрігерлердің бақылауында болады", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.