Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

«160 адамды жұмыстан шығарып жібердім»: Майра Мұхамедқызы Шымкентке барып тәртіп орнатқанын айтты

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы алғаш жұмысқа тұрғанда түрлі қиындыққа тап болғанын айтады. Ол бұл туралы “Хабар” арнасынан көрсетілетін “Алғашқы” ббағдарламасыда баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«160 адамды жұмыстан шығарып жібердім»: Майра Мұхамедқызы Шымкентке барып тәртіп орнатқанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

”Театрға бара салған кезде 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей тұрып, қысым көрмей тұрып, ақырындап кетіп қалыңыз, біз сізді сыйлаймыз. Бірақ жаңа адамның келгенін қаламаймыз”, — деді. Сосын мен «Аналайындар, мен сендерденден қорықпаймын. Бұл өмірде бәрін көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін келдім», – дедім. Қазір солардың бәрі – менің қызметкерлерім. Осы театрдың жанашырлары.

Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Қаншама жылдар бойғы театрға деген махаббаты, айлықтары аз, театр жабылудың алдында. Соңғы үміттері қалған сәт. Театрдың ішінде де туыс-туғанын жұмысқа алған жағдайлар болған. Театрға мүлде қатысы жоқ, басқа саладағы адамдар кіріп кеткен. Тәртіп те, заң да жоқ болып, театр деп айтуға ауыз бармайтындай болып кеткен. 4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым.

Кадр бөліміндегі маман “Майра ханым, болды енді, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой”, — деді. Басында енді маман табылмай қала ма деп те қорықтым. Бірақ бір есік жабылса, екіншісі ашылады дегендей, аз айлыққа сізбен бірге жұмыс істеп, әлемдік тәжірибені көргіміз келеді деген керемет мамандар келді”, — дейді опера әншісі.