Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді

Астанада ҰҚК-нің сотталған экс-төрағасы, бұрынғы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үйі әлеуметтік қажеттіліктер үшін тәркіленді, деп хабарлайды Paryz.kz Қайтарылған активтерді басқару компаниясына сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
Фото: e.qazyna

 

Астана қаласының әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беру жөнінде ресми сұраныс түсті.

Әлеуметтік маңыздылығы мен заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарына шығарылды. Нысанды әрі қарай пайдалану жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі, – деп мәлімдеді Қайтарылған активтерді басқару агенттігі (KUVA.KZ). 

Әңгіме елорданың Нұра ауданына қарасты Қараөткел ықшамауданындағы особняк туралы болып отыр. Бұл үй қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында тұрған. Нысанның бастапқы бағасы 1,6 миллиард теңге болған.