Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Алматыда полицияның атын жамылған жігіттер бір адамның ақшасы мен көлігін тартып алған

Алматы қаласында өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған бір топ жігіт тұрғынның ақшасы мен көлігін тартып алған, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда полицияның атын жамылған жігіттер бір адамның ақшасы мен көлігін тартып алған
Фото: polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, осылай олар 12 млн теңгені заңсыз иемденген.

«Тергеудің мәліметінше, қаскөйлер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген», - деп хабарлайды Алматы полициясы.

Жігіттерді Алматы қаласы мен Алматы облысының полиция департаменті бірлесе қолға түсірген. Тінту кезінде олардан жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, арнайы киім, оқ-дәрі, мөр, суық қару, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді.