Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды

Павлодар облысының Аққулы ауданына қарасты Қазы ауылында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Облыстық ПД мәліметінше, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жіберілді.

Сот шешіміне сәйкес тәртіп бұзушылар әрқайсысы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, мигранттарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзудың 384 фактісі, сондай-ақ ел заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартудың 36 жағдайының жолын кесті», - делінген ПД хабарламасында.