Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

БҰҰ-ның Қазақстандағы басшысы мерекеге орай ұлттық тағамдар дайындады (ВИДЕО)

"Індетпен байланысты шектеулерді ескере отырып, адамдардың мерекені үйде ұлттық тағам дайындап атап өткенін құптаймыз", - дейді ол.

БҰҰ-ның Қазақстандағы басшысы мерекеге орай ұлттық тағамдар дайындады (ВИДЕО)

2009 жылдан бастап Наурыз адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді. Бұл – бейбітшілік пен мәдени саналуандылық құндылықтарын мерекелеу. "Наурыз" сөзі жаңа күн дегенді білдіреді және оны әлемнің 300 миллионнан астам тұрғыны жаңа жылдың басталуы ретінде атап өтеді, деп жазды ҚазАқпарат.

"Өткен жылы Наурыз мейрамы бұрын-соңды болмаған және жойқын ғаламдық пандемияның алғашқы күндеріне сәйкес келді. Биылғы жылы Наурыз рухын сақтау аса өзекті. COVID-19-ды жеңу үшін әлем біріккен кезде, Наурыз табиғатпен үйлесімді түрде қалпына келтіруге шабыттандырады", - деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ал Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори ханым Қазақстанға келгеніне 6 айдан астам уақыт өтіп, аталған уақытта жасап үйренген қазақтың ұлттық десерттерінің кейбір рецепттерінің бейнетүсірілімін жариялады.

"Ұлыстың ұлы күнінде туыс-жақындар көктемнің басталуын тойлау үшін дәмді тағамдармен безендірілген дастарқан айналасына жиналады. Сондықтан індетпен байланысты шектеулерді ескере отырып, адамдардың мерекені үйде ұлттық тағам дайындап атап өткенін құптаймыз. Бүгін біз ең танымал десерттер – "жент" кәмпиттері мен "хворост" тағамын бірге дайындадық. Наурыз – бір-бірімізді кешіріп, жақсылыққа үміт артатын достық мерекесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға мәңгілік бақыт, өркендеу және жарқын болашақ тілеймін!" - деді ол.