"Қазгидромет" РМК мамандары елімізде алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Paryz.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін. Нөсер жаңбыр мына өңірлерде жауады:
• 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында;
• 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады.