Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Елімізде есірткіге тәуелді ең жас баланың нешеде екені белгілі болды

Ел бойынша психикалық денсаулық орталықтарында есірткі және психотроптық заттарды тұтынып, психикалық мінез-құлқы бұзылған 18130 адам тұр есепте тұр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Елімізде есірткіге тәуелді ең жас баланың нешеде екені белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Редакция елдегі есірткіге тәуелді жастар мен жасөспірімдердің статистикасын білу үшін денсаулық сақтау минмистрлігіне ресми сауал жолдаған болатын.

«Динамикалық бақылауда тұрған барлық адам амбулаториялық және стационарлық емдеуді қамтитын медициналық-әлеуметтік көмек кешенімен қамтылған. 

Осылайша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 865 нашақор адам стационарлық емдеуден өтті, оның ішінде сот шешімімен 69 адам мәжбүрлі түрде емделді. Диспансерлік науқастар тіркелімі бойынша Қазақстан Республикасында 13 пен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған 55 адам бар. Бүгінгі таңда аталған контингент арасындағы ең кіші жас 14 жас», - деп жауап берді министрлік сауалға. 

Ресми статистика наркологиялық бұзылыстарымен сырқаттанушылық деңгейін көрсетеді, алайда бұл көрсеткіш есірткілердің таралуының нақты деңгейін көрсетпейтінін және ол көптеген факторларға байланысты қалыптасады деп түсіну маңызды: 

профилактикалық және құқық қорғау іс-шараларының белсенділігі; наркологиялық көмектің қолжетімділік деңгейі;

анықтау деңгейі, азаматтардың жүгінуі және т.б. 2024 жылғы мәліметтер бойынша жалпы наркологиялық сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда Павлодар, Қостанай және Жамбыл облыстарында жоғары болған.