Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

UEFA Қазақстанмен серіктестікті күшейтеді: Тоқаев Чеферинді қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Ақорда.

UEFA Қазақстанмен серіктестікті күшейтеді: Тоқаев Чеферинді қабылдады
Фото: Ақорда

Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады. Кездесуде футбол экожүйесін дамыту мәселесі де қозғалды.

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыруға және клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды.

"Тоқаев ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Өз кезегінде Александер Чеферин UEFA тарапынан қолда көрсетілетінін, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Ол UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті. Кездесу соңында президент Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.