Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қыметі мәлім етті.

SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды
фото: tengrinews

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы 25 ақпанда «Өскемен– Астана» рейсі уақытынан 8 сағаттан артық кешіккен. Соған қарамастан әуе компаниясының өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастыруды уақтылы қамтамасыз етпеген.

Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін ғана жолаушыларға демалуға орын берілген. Адамдар ешқандай қызмет көрсетілместен күні бойы әуежайда өз рейсін күтіп отырған. 

-Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,-делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.