Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Астанадағы Министрліктер үйінің алдында бір адамды көлік қағып кетті

Астананың сол жағалауындағы Министрліктер үйінің жанында ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанадағы Министрліктер үйінің алдында бір адамды көлік қағып кетті
фото: видеодан скриншот

Жол апаты бүгін таңертең Достық көшесінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша Nissan автокөлігінде отырған жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті. 

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.