Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Шөп аз, жаңбыр жоқ: Мамырда құрғақшылық күтіп тұрған өңірлер аталды

Биыл мамырда еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шөп аз, жаңбыр жоқ: Мамырда құрғақшылық күтіп тұрған өңірлер аталды
Фото: ЖИ

Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша, мамыр айында Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық қаупі бар.

Орташа құрғақшылық келесі өңірлер мен аудандарда тіркелуі ықтимал:

Қостанай облысы – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласының маңайы;

Батыс Қазақстан облысы – Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық аудандары;

Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы;

Атырау облысы – Құрманғазы және Исатай аудандары;

Қарағанды облысы – Ақтоғай мен Шет аудандары;

Алматы облысы – Балқаш ауданы;

Жетісу облысы – Алакөл ауданы;

Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы; 

Түркістан облысы – Сузақ ауданы;

Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;

Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы. Ал қалған аймақтарда топырақтағы ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп күтілуде.