Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Алматы қаласының полициясы 19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
AP Photo / Martin Mejia

Күдікті полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, Алматыда жолаушы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жібергені түсірілген видео жарияланған болатын.

Видеодан жүргізушінің көлікте темекі шекпеуін сыпайы түрде өтінгенін, бірақ жауап ретінде жолаушылардың бірі бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады. Осыдан кейін жүргізуші жол бойына тоқтап, жолаушыларды түсірген.