Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген, есірткі дүкені мен есірткі зертханасын ұйымдастырған азаматты ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.
Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.