Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Ұлытау облысында баланы ұрған балабақша тәрбиешісі сотталды

Жезқазған қаласында балабақшада үш жасар баланы ұрып жіберген тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.

Ұлытау облысында баланы ұрған балабақша тәрбиешісі сотталды

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады. Алайда, оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, нақты айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды", - делінген хабарламада.

Тәрбиеші 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді.