Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Руслан Берденовті атып кетті: сұмдық деректер жарияланды

Әлеуметтік желіде шабуыл себебі ретінде күдіктінің әйелімен байланысты қызғаныш жайлы нұсқа тараған болатын. Бұл ақпаратты Шымкент полициясы жоққа шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.

Руслан Берденовті атып кетті: сұмдық деректер жарияланды
фото: әлеуметтік желіден

«Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Күдіктінің жұбайы да бұл ақпаратты жоққа шығарған. Оқ атқан адамның әйелі Руслан Берденовты танымайтынын және онымен ешқашан байланыста болмағанын айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмагұлова әлеуметтік желіде тараған күдіктінің әйелі мен Руслан Берденов арасындағы жақын қарым-қатынасқа қатысты нұсқаларға жауап берді.

«Жаңа ғана полиция департаментінде күдіктінің жұбайымен сөйлестім. Әйел адам куәлік беру үшін келген. Оның айтуынша, ол Руслан Берденовты мүлде танымайды, ешқашан сөйлесіп те көрмеген», — деп жазды Жұмагұлова.