Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Петропавлға су тасқынының үшінші толқыны келе жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев су қоймасында су тасқынының үшінші толқыны шарықтау шегінен өтті, деп хабарлайды paryz.kz.

Петропавлға су тасқынының үшінші толқыны келе жатыр
Фото: ҚР Үкіметі

Гидрологиялық бекетте су деңгейі біртіндеп түсе бастады. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бұл нысанда тасқынның шарықтау шегі 20 сәуірде өтті.

Су қоймасындағы бөгеттің жотасынан асып төгілу биіктігі 262 см жетті. Өткен бір тәулікте ол 7 см түсті. Қазір бөген 147% толған. 

Есіл өзені өтетін Шөптікөл, Тоқсан би, Крещенка елді мекендерінің маңында да су деңгейі түсіп жатыр, бүгінде ауылдарға келетін қауіп жақ.

Сергеевка елді мекенінен төмен Есіл бойында орналасқан ауылдарда әзірге су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Мәселен Покровка елді мекенінде қауіпті деңгей 950 см болса, қазір мұнда 1262 см жетті. Бір тәулікте 10 см артты.

Новоникольское елді мекенінде де қауіпті деңгей 1534 см асып кетті, қазір 1540 см, бір тәулікте 36 см көтерілді. Петропавлға да су келіп жатыр. Қауіпті деңгей 960 см болса, қазір 1063 см жетті, өткен тәулікте 1 см өзгерген. Есіл өзені өтетін өңірдегі соңғы нүкте — Долматово ауылының маңында бір тәулікте деңгейі 5 см артып, 1283 см жетті. Қауіпті деңгейге дейін әлі шамамен 1,5 метр бар.