Бұл туралы Шерзат Болаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Нұрқанат пен Шерзатты көлікпен апара жатқан кезде көлікті қатты жылдамдықпен айдағандықтан Шерзат орындықтан жылжып құлап кетті. Тоқтадым. Қарасам, жаны шығып кетіпті. Көлікке алған кезде Шерзатта пульс бар еді. Жолда кетіп бара жатқан кезде жылдамдықты асырдым. Тоқтаған кезде пулсь болмай қалды. Өзім реанимация жасадым, - деді ол.
Оның сөзінше, көлікте Шерзат өмір мен өлім арасында болған. Сөйтіп ауруханаға жеткен соң Шерзат пен Нұрқанат реанимацияға кіргізілген. Кейін Нұрқанатты қарау палатасына ауыстырды. Ол үш рет пышақталған екен. Басынан ауыр жарақат алып, миы қозғалған. Балаға (Шерзат – ред.) қатысты реаниматологтар кешірім сұрап шықты, - деп айтты Қаржаубай Нұрымов.