Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Paryz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.